00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті

05.07.2024 | 15:06
Олжас Сүлейменов
79
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті

2024 жылдың алғашқы тоқсанында елдегі қонақүйлер, демалыс орындары, хостелдер және басқа да орналастыру орындары 50,7 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% көп, деп хабарлады Elorda.info.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы үш айында еліміздегі орналастыру орындарында қызмет көрсету көлемі 43,1 млрд теңгені құраған.

Туристердің басым бөлігі Алматы, Астана қалаларына, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарына тоқтаған.

Сондай-ақ орналастыру орындарының саны 156-ға артып, 4 004-ке жетті. Біржолғы сыйымдылық 7 мың төсек-орынға өсіп, жалпы 207 мың төсек-орыннан асты. Бұл – туристерді орналастыру мүмкіндігі айтарлықтай артқанын көрсетеді.

«Қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының ұсынған қызмет көлемінің ұлғаюы Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Біз туристік инфрақұрылымды дамытуды және елімізге келетін қонақтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуды жалғастырамыз», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости