00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Үкіметте демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

12.09.2023 | 08:30
148
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында республиканың бірқатар жылу-электр орталығының (ЖЭО) қызметін тексеру қорытындысы қаралды, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура органдары 11 жекеменшік ЖЭО-да жылу-энергетика және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізгені айтылды. Тексеру барысында кейбір нысанда жүйелі кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды. Әр станцияда қондырғылардың әбден тозығы шыққан, бұл жылу беру маусымында апаттарға әкелуі мүмкін.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу мен модернизациялауды қамтамасыз ету бойынша меншік иелерімен жұмыс жасау тапсырылды. Үкімет басшысы 2023-2024 жылдарға арналған нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда станцияларды мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданатын болады.

Сондай-ақ комиссия отырысында еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету саласындағы тиімсіз монополист делдалдарды жою мәселесі де талқыланды. Тиісті инфрақұрылымы бар бұл компаниялардағы мемлекеттік үлестер кезінде арзандатылған бағамен жеке қолға өткен. Нәтижесінде бұл газ тасымалдау нарығының монополиялануына және қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуіне алып келді.

Әлихан Смайылов уәкiлеттi ведомстволарға осы активтердi ҚР заңнамасының талаптарына сай мемлекет меншiгiне қайтару мәселесiн жедел пысықтауды тапсырды.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости