00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері қай қалада

13.04.2023 | 17:30
79
фото: ашық дереккөз

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар жинағының жалпы сомасы 15,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Elorda.info  Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі бірден 11,4 пайызға немесе 1,5 трлн теңгеге өсті. Көрсеткіштің өсуі жарналар түріндегі кіріс ағындары, сондай-ақ инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты.

Жинақтардың өсуі жарналардың барлық түрлері бойынша байқалады. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі 11,1 пайызға артып, 14,7 трлн теңгеге жетті. Бұл қазақстандықтардың барлық жинақтарының 97 пайызын құрайды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары бір жылда 21 пайызға артып, 466,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ең көп өсім (2 еседен астам) 3,8 млрд теңгені құраған ерікті зейнетақы жарналары болды.

Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері Алматыда - 2,8 трлн теңге немесе республикадағы жалпы көлемнің 18,5 пайызы. Одан кейін Астана - 1,4 трлн теңге. Үздік үштікті Қарағанды облысы түйіндеді - 1,2 трлн теңге.

Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көш бастаған бес аймаққа Шымкент (1,2 трлн теңге) қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы (832,5 млрд теңге) да кірді.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости