00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елде жанармай тапшылығы жоқ

21.07.2023 | 06:00
115

Қазақтың маңдайына біткен нөмірі бірінші табыс беретін мұнай-газы, соңғы жылдары күрт қайта құрудың арқасында халықтық табысқа айналудың алдында тұр. 

Бүгін жолда келе жатып, осы мұнай-газ саласын егжей-тегжейіне дейін сұмдық білетіндей көрінген сарапшы-таксистен, "елде бензин тапшыға айналып, халық көтерілуге сәл-ақ қалды" деген пікірін естідім. Мейлі ғой цифрлап айтса, ол да жоқ, бірақ әйтеуір халықты көшеге шығаруға әуес эмоцияға толы ойларды, дәл осы таксистерден жиі көремін. Бірақ елдің ең маңызды энергетикалық секторына келгенде, пікірді абайлап ойланып айту керек сияқты...

Меніңше, анау таксист айтқандай, бензиннің проблемасы ушығып тұрғаны шамалы. Шымкенттегі жанармай өңдейтін зауыттың он бес агрегатының бірі істен шығып қалса да, жөнделді. Енді техника болған соң, ол заңдылық. Павлодардағы бензин өндіретін зауыт жөндеуге жабылғанымен бензиннің сатылымы тоқтаған жоқ. Сондықтан жақында бүкіл бензин саудасы тоқтап, ел көлігімен жүре алмайды деген сөз ақылға сыймайды. 

Қаңтар оқиғасына дейін осы энергетика саласының активтері, тістегеннің аузында кеткен саланың бірі болды. Қазір бұған жауапты ҚазМұнайГаз компаниясы барлық тәуекелдерді алып жатыр.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын көліктерді сапасыз бензинмен оталдырып бүкіл жанармай сүзгілері уақытына жетпей толып, қақталып жататын. Қазір осы саланың мамандарына сенсек, бензиннің сапасы түзеліп, көрші ресейлік бензиннің сапасымен шамалас болып тұр.

Соңғы мәліметтерде, елде 2015 жылы 2,8 млн тонна бензин өндірілсе, 2022 жылдан бері 5 млн тоннадан астам,  яғни 80% артық бензин өндіріліпті. 

Жалпы, мемлекеттік ресми ақпарат қашанда шындыққа жақын болады. Сол үшін, қазіргі қымбатшылық пен аймақтарда жаздық аграрлы науқан басталғанда, анау айтты, мынау айтты деген түрлі әлеуметттік желідегі негізсіз ақпараттар, елдегі жасалып жатқан бар дүниені жоққа шығарады. Сондықтан бензин көлемі елде жеткілікті, әрі сапасы да анағұрлым жоғарылаған. Бастысы, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзімен айтсақ, елдегі энергетикалық қауіпсіздік қоғамның дамуына ықпал етпек.

                                                                                                               Мақсат ЖАҚАУ

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости