00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда машина жасауды дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспар әзірленіп жатыр

12.04.2023 | 22:00
122
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Бірлестік басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан саланы дамытудың алдағы 5 жылға арналған кешенді жоспарының негізгі бағыттарына тоқталды. Оның ішінде машина жасау саласының өндіріс көлемін арттыру, инвестиция тарту, өндірістік және экспорттық мүмкіндіктерді дамыту, отандық өнім үшін өткізу нарығын кеңейту және сала үшін білікті кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру шаралары бар. Кешенді жоспарды жүзеге асыру отандық машина жасау саласын дамудың түбегейлі жаңа деңгейіне шығарады деп күтілуде. 

Кездесу барысында салалық кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, машина жасаудағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және салықтық ынталандыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Мейрам Пішембаев Премьер-министрді осы жылдың 11-12 мамырында өтетін Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына дайындық барысы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Кешенді жоспарды әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар беріп, саланы дамытуда бизнес-қоғамдастығының нақты ұсыныстарына баса назар аудару керектігін атап өтті.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости