00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері артады

24.11.2023 | 07:00
137
Фото: дереккөз

Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Тілегенов Air China, China Southern Airlines және Loong Airlines қытайлық әуе компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Кездесу барысында China Southern Airlines әуекомпаниясы 2024 жылғы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы – Бейжің бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сонымен қатар сұраныс артқан кезде China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астанадан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын. Өз кезегінде Loong Airlines әуекомпаниясы биыл желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда әуе компаниясы рейстер санын аптасына 7-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ әуекомпания 2024 жылы Астана – Ханчжоу, Астана – Ченду және Алматы-Ченду әуе бағыттары бойынша рейстерді ашу мәселесін пысықтап жатыр. Air China әуекомпаниясы да Астана – Сиань – Пекин бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 2-ден 3-ке дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр, - делінген хабарламада.

Бұл ретте әуекомпания Сиань қаласына қонбай, екі астана арасында аптасына үшінші рейсті тікелей орындау мәселесін де қарастырады. Жалпы 2024 жылғы көктем-жаз навигация кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости