00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанның балық өнімдері Еуропа елдеріне экспортқа шығарылады

01.04.2023 | 00:18
Елорда ақпарат
86

Бүгіннен бастап Еуропалық комиссия қазақстандық балық кәсіпорындарын өз өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттауға құқығы бар компаниялар тізіміне енгізу рәсімін қайта бастайды, деп хабарлады Elorda.info.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қазақстандық ветеринариялық бақылау жүйесіне деген сенімді қалпына келтіру туралы тиісті хат жолданды.

Осылайша, өз өнімдерін ЕО-қа экспорттауға құқығы бар отандық кәсіпорындардың тізімі кеңейтілетін болады. Бүгінгі таңда тізілімде 17 қазақстандық компания бар.

Айта кетейік, 2018 жылы Еуропалық комиссия балық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға аудит жүргізді, оның қорытындысы бойынша 11 ұсыныс берілді, оның ішінде елдің ветеринарлық қызметін бақылау бойынша ұсыныс бар. Кейін қазақстандық тарап ұсынымдардың орындалуы туралы егжей-тегжейлі есеп жолдады.

Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайту және ЕО елдеріне экспортталатын өнімдердің тізімін кеңейту аясында Еуропалық комиссия болашақта еуропалық нарыққа шығаруға болатын бал өнімі бойынша сауалнама жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Брюссельге сапары аясында еуропалық комиссарлармен кездескен болатын. Келіссөздер барысында АШМ басшысы Қазақстанның жоғары сапалы органикалық азық-түлік жеткізушісі болу мүмкіндігі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Еуроодақ елдеріне отандық ет, сүт, құс және балық өнімдерін  экспорттау туралы сөз қозғалды.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости