00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандағы экономикалық реформаларды іске асыру талқыланды

31.03.2023 | 23:14
Елорда ақпарат
81

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кезекті кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Тараптар республика экономикасының түрлі секторларын дамыту, мемлекеттік басқаруды реформалау және коммуникация саласын нығайту бойынша халықаралық сарапшылардың іске асырып жатқан қадамдары мен ұсыныстарын талқылады. 

Атап айтқанда, инвестициялық ахуал, мектеп және жоғары білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік органдар мен басқа да бағыттар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі мәселелер қаралды. 

Премьер-министр өз сөзінде Үкімет еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін кезең-кезеңімен арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін Мемлекет басшысының бекітілген жоспарлары мен Сайлауалды бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік органдардың шешім қабылдауының жеделдігін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар құжат айналымы мен есептілікті қысқарту жұмыстары жалғасады. 

Бұдан басқа, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Үкімет пен әкімдіктердің азаматтармен қарым-қатынасын одан әрі дамытуға назар аударылатын болады. 

Сондай-ақ кездесу аясында Салық және Бюджет кодекстерін әзірлеу мәселелері және ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости