00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Ресей құрылыс материалдарын өндіру мәселелерін талқылады

31.03.2023 | 23:06
Елорда ақпарат
109

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясы үкімет төрағасының орынбасары – Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен, сондай-ақ 25-ке жуық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында тараптар жеңіл өнеркәсіпті дамыту және құрылыс материалдарын өндіру мәселелерін, сонымен бірге химия өнеркәсібі үшін мамандар даярлау бойынша өзекті сұрақтарды талқылады. Осы ретте өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастардың негізгі бағыты екенін айта кеткен жөн.

Екіжақты әріптестігіміздің бағыттары арасында өнеркәсіптік кооперацияның алар орны ерекше. Қазір 26 бірлескен жоба сәтті іске асырылып, тағы да 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 23 ірі жоба жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек, - деді ҚР ИИДМ басшысы.

Бұл ретте 2022 жылдың шілдесінде Қазақстан Екатеринбургтегі «Иннопром-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде әріптес мемлекет ретінде табысты өнер көрсеткенін айта кеткен орынды. Нәтижесінде іскерлік қарым-қатынасты жоғары деңгейге арттыруға бағытталған бірлескен іс-қимыл бағдарламалары мен 27 екіжақты шарттарға қол қойылды.

Ведомство басшысы Марат Қарабаев биыл отандық өнеркәсіп кәсіпорындары Екатеринбург қаласында өтетін «ИННОПРОМ» халықаралық көрмесіне қатысатынын атап өтті. Сонымен қатар осы жылдың қыркүйегінде Астанада Мемлекет басшысының, сондай-ақ ЕАЭО, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран, Әзірбайжан және басқа да елдердің ұлттық экспозициялары мен жекелеген компанияларының қатысуымен «ИННОПРОМ Қазақстан» көшпелі өнеркәсіптік көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости