00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Смайылов: Цифрландыру – барлық азаматтар үшін әділеттілікті қамтамасыз етеді

31.03.2023 | 22:37
Елорда ақпарат
70

Digital Almaty бесінші форумы шеңберінде өткен «Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» пленарлық сессиясында ЕАЭО елдері арасындағы цифрлық кедергілерді жою, сауда және экономиканың басқа да салаларында инновациялық шешімдер енгізу мәселелері, сондай-ақ негізгі жаһандық технологиялық трендтер талқыланды, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян, Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Өзбекстан үкіметінің басшысы Абдулла Арипов қатысты. 

ҚР Премьер-министрі өз сөзінде Қазақстан Үкіметі жыл сайын еліміздің ЖІӨ-дегі жаңа технологиялардың үлесін ұлғайту үшін барлық қажетті шараларды іске асырып жатқанын атап өтті. Олар негізінен цифрлық трансформацияға, ІТ саласына қолайлы жағдайлар жасауға және адами капиталды дамытуға қатысты. 

Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің ІТ-нарықтарын дамытуға мультипликативтік әсер беру үшін сенімді платформа қажет екенін айтты. Бұл тұрғыда жергілікті және аймақтық деңгейде белсенді ойыншыға айналған Astana Hub технопаркінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болады. 

Сонымен қатар Премьер-министр «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры бүгінде Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен IT-нарығын біріктіретін экожүйе құрғанына тоқталды. Жалпы Қор іске кіріскен жылдардан бастап Индустрия 4.0, геология, металлургия және т. б. салаларда құны $36 млн-нан асатын 187 жобаны қаржыландырды. 

Елдеріміздің технологиялық инкубаторларының өзара іс-қимылын біртіндеп дамыту маңызды, — деді Әлихан Смайылов.   

Үкімет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан FinTech және GovTech-жобаларын жүзеге асыруды қамтитын мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы бағытын ұстанып отырғанын атап өтті. Жалпы, оның айтуынша, мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында республикада цифрлық саладағы күнделікті өмірде қолданылатын нақты нәтижелердің жоғары деңгейіне қол жеткізілді. 

Цифрландыру еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, — деді ол. 

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі мемлекеттік басқаруды цифрландырудың Invisible Government сапалы жаңа тұжырымдамасына көшіп жатқанын айтты, онда мемлекеттік саясат адамның және оның қажеттіліктері мен мүдделерін ескеретін болады. Нәтижесінде бұл проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізуге серпін береді. 

Бұл ретте негізгі тәсілдердің бірі – қызмет көрсетудің мультиплатформалық қағидаты. Яғни, мемлекет "тар жер" моделінен алшақтап, бизнеске мемлекеттік қызметтерді өз платформалары мен цифрлық экожүйелеріне интеграциялауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің пайдасы зор, — деді Премьер-министр. 

Жалпы, ол соңғы жылдары Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін атап өтті. БҰҰ-ның тиісті рейтингінде республика 39-шы орыннан 28-ші орынға (2018 жылдан бастап) көтеріліп, позициясын жақсартты, ал онлайн-сервистердің қосалқы рейтингінде – 16-шы орыннан 8-ші орынға көтеріліп, әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді. 

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости