00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Халық әртістерінің жалақысы екі есе көбейеді

31.03.2023 | 22:24
Елорда ақпарат
90

Мәдениет және спорт министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен айлық алатын ұйымдардың қызметкерлеріне, сонымен бірге қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер дайындады, деп хабарлады Elorda.info.

Атап айтқанда, министрлік бұрынғы КСРО-ның «Халық» құрметті атағы және республиканың құрметті атақтары бар азаматтардың жалақысын 50-ден 100%-ға дейін арттыруды, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның «Еңбек сіңірген» құрметті атағы және республиканың құрметті атақтары бар адамдарға бұрынғыдай БДО-дан 30% үстемеақы беруді мақсат етіп отыр.

Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі жобаны іске асыру үшін «Халық әртісі» атағын алған азаматтарға берілетін үстемеақыны базалық жалақының 50%-дан 100%-ға дейін көбейту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қарастыратынын хабарлады.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қосымша қажеттілік – 11 584 мың теңге. Оның ішінде:

2023 жылға – 3 144 мың теңге;

2024 жылға – 3 843 мың теңге;

2025 жылға – 4 597 мың теңге.

2023-2025 жылдарға жергілікті бюджеттерден қосымша қажеттілік – 4 906 мың теңге. Оның ішінде:

2023 жылға – 1 628 мың теңге;

2024 жылға – 1 628 мың теңге;

2025 жылға – 1 650 мың теңге.

Құжат 10 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына орналастырылған.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости