00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 550 млн долларды құрады

31.03.2023 | 19:49
Елорда ақпарат
85

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Оның барысында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы және саяси консультациялардың 5-ші раунды өтті, деп хабарлады Elorda.info.

БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздерде екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Сұхбаттасушылар өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. М.Тілеуберді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға жолдауын табыстады.

Саяси консультацияларда Әмірліктер делегациясын БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи басқарды. Тараптар халықаралық аренада екі мемлекеттің өзара түсіністігі мен өзара қолдауының жоғары деңгейін атап өтті. Жоғары деңгейде тығыз саяси диалог жолға қойылған. Көпжақты құрылымдар аясында тиімді серіктестікті одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар М. Тілеуберді мен С. әл-Мазруидің тең төрағалығымен Бірлескен үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды. Үкіметаралық комиссия Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі уағдаластықтарды бекітті. Білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, энергетика және жаңартылатын энергия көздері, тау-кен металлургия кешені, көлік және логистика, құрылыс және т.б. салалардағы перспективалы бірлескен жобалар анықталды.

2022 жылдың 6 айында БАӘ-ден ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 128,7 млн АҚШ долларын құрады. Биылғы қаңтар-тамыз айларында тауар айналымының көлемі 550,1 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 514,6 млн доллар, импорт – 35,5 млн доллар).

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости