00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Қырғызстан агроөнім көлемін көбейтуді көздейді

31.03.2023 | 19:39
Елорда ақпарат
61

Қазақстан Қырғызстанмен мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібековтің елімізге сапары аясында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, екі мемлекеттің мал шаруашылығында неғұрлым тығыз экономикалық кооперацияны жолға қою, АӨК өнімдерін өндіру мен өңдеуді бірлесіп дамыту, сондай-ақ генетикалық материал алмасуда және тұқым саудасын дамытуда үлкен перспективалары бар.

Біз Қырғызстанның тұқым нарығының қатысушыларына жаңа жоғары өнімді сұрыптардың тұқымдарын және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын өндіру және сату мәселесін қарастыруға дайынбыз. Сондай-ақ, ветеринария және фитосанитария, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық материалдарымен алмасу саласында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамыту ниетіміз бар, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар, тараптар агроөнімнің өзара сауда көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге шектеулерді алып тастағаннан кейін, Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды малды, сондай-ақ асыл тұқымды материалды Қырғызстанға жеткізу мүмкіндігін пысықтауға дайын.     

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 9%-ға өсіп, 159,9 млн теңгені құрады. Қазақстан негізінен жұмыртқа, сүт өнімдері, ұн, макарон өнімдері, шоколад және кондитерлік өнімдер экспорттайды. Ал Қырғызстаннан сүт өнімдері мен алкогольсіз сусындарды импорттайды.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости