00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 17,7 пайызға өскен

31.03.2023 | 19:36
Елорда ақпарат
142

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне арнайы келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа ілтипат білдіріп, Астанада өтетін маңызды жиынға қатысу үшін арнайы келгеніне ризашылығын білдірді.

Сіздің бұл сапарыңыз маңызды. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету мақсатымен екі жақты кездесу өткізіп отырмыз. Мемлекеттеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы жетістіктеріміз еселеніп, екіжақты серіктестігіміз қарқынды дами береді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Садыр Жапаров бүгінгі маңызды кездесуге шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің бірінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келгеніме қуаныштымын. Біз қырғыз-қазақ қарым-қатынасын жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдалана отырып, мемлекеттеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтаймын, – деді Садыр Жапаров.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда саласында бірлесе атқарып жатқан жұмыстарының оң нәтижелерін жоғары бағалады. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 17,7 пайызға өскен. Екіжақты сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тараптар қазақ-қырғыз қатынастарының көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық аспектілерін талқылады.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости