00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елде 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды

25.02.2023 | 13:30
Елорда ақпарат
78

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері және 10 тамыздағы жағдай бойынша комиссия 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр көрсеткіш 400 мың га. көрсеткен болатын.

Қазіргі уақытта 2 млн 94 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, прокуратура органдарында 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш тіркеу сатысында тұр, - деді министр. 

Бұдан бөлек, жыл басынан бері  Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктердің учаскелерді заңнама талаптарын бұза отырып берген 74 фактіні анықталды. 

Сонымен қатар, мал жаю үшін 16 млн га көлемінде жайылымдардың жетіспеушілігі байқалады, бұл жағдай мал басының қысқаруына және ауылдағы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келеді, - деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

Жалпы, комиссия 7,45 млн га алаңда 2584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде  – 585,2 мың га  егістік пен 6,86 млн га жайылым жер бар.

Ауыл шаруашылығы министрі жергілікті әкімдіктерді пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау бойынша жұмысқа белсенді қатысуға, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер учаскелері бойынша ұсынылатын деректердің анықтығы мен өзектілігін бақылауға шақырды.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 9 тамызда Президент жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Биылғы жылдың соңына дейін мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан және қолданыстағы заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектарға дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарлап отыр.

 

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости