00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен қалай шығады

25.02.2023 | 12:11
Елорда ақпарат
88

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, салық кезеңі үшін Салық кодексінде белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етілетін мына декларацияларды тапсырмаған жағдайда әрекетсіз салық төлеуші болып танылады, оның ішінде:

1) заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация, дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы бойынша декларация;

2) заңды тұлғалар да, дара кәсiпкерлер де ойын бизнесiне салық, тiркелген салық бойынша декларацияны көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi үш салық кезеңi үшiн ұсынбаған жағдайда;

3) заңды тұлғалар да, дара кәсіпкерлер де екі салық кезеңі үшін оңайлатылған декларацияны ұсынбаған жағдайда.

Салық төлеуші өзінің әрекетсіз салық төлеуші тізімінде бар-жоғын kgd.gov.kz сайтында, «Электрондық қызметтер» мәзірінен «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөлімінде тексере алады. 

Егер сенімсіз салық төлеушілер тізіміне енсе:

Егер салық төлеуші осы тізімде болса, онда мына талаптарды орындау қажет:

1) салық есептілігін табыс ету және есептелген салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік материалды рәсімдеу үшін орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына келу.

Сенімсіз салық төлеушілер тізімінен алып тастаудың жалпы мерзімі - 5 жұмыс күні.

Тізімнен шығарылғанын 5 күннен кейін «Сенімсіз төлеушілерді іздеу» бөлімінде сайттан тексеруге болады.

Әрекетсіз салық төлеуші болудың кемшіліктері

Әрекетсіз салық төлеушілер тізіміндегілердің мынадай салдары бар:

- ҚҚС бойынша есептен шығару;

- серіктестік қызметіндегі контрагенттердің күмәндануы;

- банктерде шот ашу және несие алу мүмкіндігінің болмауы.

2022 жылы әрекетсіз деп танылғандар барлық салық төлеушілердің саны 11 180 құрайды.

 

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости