00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан Еуроодақ елдерімен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті – Смайылов

25.02.2023 | 11:35
Елорда ақпарат
81

Іс-шараға Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Германия, Франция, Испания, Литва, Польша, Бельгия, Швеция, Словакия, Эстония, Хорватия, Нидерланд, Болгария, Чехия, Латвия, Финляндия, Италия, Аустрия, Грекия және Румынияның еліміздегі елшілері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Отырыс басында премьер-министр Еуропалық Одақ көп жылдар бойы Қазақстанның негізгі саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Мәселен, Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың 6 айында $20,1 млрд құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2%-ға көп.

1-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы шетелдік инвестициялардың елге келуі 54%-ға артып, $6,8 млрд құрады. Бұл орайда тау-кен өндіру өнеркәсібіне капитал тарту деңгейі 35,7%-ға өсіп, $3,5 млрд құрады.

Біз Еуроодақтың Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Осы саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Осыған байланысты Еуропалық Одақ елдерінің геологиялық қызметтерін цифрландыру, геология ғылымын дамыту және салалық инфрақұрылым саласында серіктес болуға шақырамыз, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр саланы автоматтандыру аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру және интеграциялау арқылы Kaznedra бірыңғай платформасы құрылатынын атап өтті. Бұл платформа инвесторларға «бір терезе» режимінде кешенді сервистік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.

Сонымен қатар Үкімет басшысы геологиялық барлау жұмыстарының дәстүрлі түрлерімен қатар, Қазақстанды геофизикалық зерттеулердің озық әдістері қызықтыратынын атап өтті.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның Еуроодақ елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту жөніндегі ниетінің нақты екенін тағы да растағым келеді, — деді Әлихан Смайылов.

Отырыс барысында қатысушылар пайдалы қазбаларды өндіру, жаңа технологияларды қолдану, геологиялық деректерді цифрландыру, инвестициялар тарту, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости