00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Поиск

200 теңгелік банкнотты қабылдамағандар жауапқа тартылады

27.07.2023 | 10:00
139
Фото: Ұлттық банк

Қазақстанда 200 теңгелік банкнотты қабылдамау әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады Elorda.info.

-ҚР аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді, – делінген Ұлттық банктің бейсенбідегі хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармаған.

-Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады, - деп түсіндірілді Ұлттық банктің сайтында.

Все новости