00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Түрік компаниясы Қазақстанда желатин өндіретін зауыт салады

25.02.2023 | 06:57
Елорда ақпарат
50

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің жақында президенттік делегация құрамында Түркияға жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Iskefe Holding компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар Алматыда желатин өндіру зауытын салуды инвестициялауға келісті. Жоспарланған инвестиция көлемі 27 миллион доллар. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2023 жыл деп жоспарланып отыр.

Жоба аясында 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын индустриялық аймағында іске қосылады, ал шикізат ретінде ірі қара мал терісі пайдаланылады.

Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп болжанып отыр, өндіріс қуаты – жылына 7000 тонна желатин.  Елімізде теріні бастапқы өңдеу бойынша 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Бірақ, өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ІҚМ өңделмеген терілерін сатып алу үшін бәсекеге қабілетті баға ұсына алмауда. Ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтар жануарлардың терісін қоқысқа тастайды, ал бұл өз кезегінде аса қауіпті аурулардың таралу қаупін тудырады. 7000 тонна желатинді өңдеу үшін шамамен 38 мың тоннаға жуық шикізат (тері) қажет, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, түрік холдингінің құрылымына теріні өңдейтін, желатин, протеин, гидролизат, жануарлардан алынатын сұйық аминқышқылдарын өндіретін 7 зауыт, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталығы мен сынақ зертханалары кіреді. Бүгінде Iskefe Holding былғары саласындағы интеграцияланған ірі өндіруші, оның үлесіне Еуропа мен Азиядағы өткізу нарықтарымен сиыр желатиніне әлемдік қажеттіліктің 6%-ы тиесілі.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости