00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Үкімет басшысы кімдердің жалақысы көбейетінін айтты

25.02.2023 | 04:01
Елорда ақпарат
53

BAQ.KZ жазғандай, Үкімет басшысы Президент тапсырмасына сәйкес кедейлік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша іс жүзіндегі жағдайға талдау жүргізудің негізінде Үкімет Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлегенін айтты.

Бағдарламада халықты өнімді жұмыспен қамтуға, әл-ауқатын арттыруға және жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар көзделген. Бағдарлама азаматтардың барлық санатын қамтиды, - деді ол.

Айтуынша, біріншіден, еңбек қызметінен түсетін табысқа тікелей әсер ететін шаралар қарастырылған.

Бұл ретте бюджет саласының 850 мың қызметкерінің (мысалы, 74 мың дәрігердің еңбекақысы 415,9 мың теңгеге дейін, 600 мыңнан астам педагогтің – 213 мыңнан 354 мың теңгеге дейін, 1200 жетекші ғалымның – 152 мыңнан 257 мың теңгеге дейін), сондай-ақ квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін 200 мың өндірістік персоналдың еңбекақысы ұлғайтылады. Сонымен қатар бизнеске нақты міндеттемелерді белгілеу арқылы мемлекеттік қолдау алатын ірі бизнестегі 2,8 млн қызметкердің еңбек табысы артады, - делінген Министрлер кабинеті басшысының жауабында.

Бұған қоса, экономика салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Екіншіден, ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру арқылы кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты ұлғайту көзделген. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламалары және төмендетілген мөлшерлеме бойынша кредит беру іске асырылады. Үшіншіден, мұнай-газ саласында сұранысқа ие өндірістік тауарлардың 19 түрі бойынша жаңа өндірістер құру жоспарланған, - деді Премьер-министр.

Фармацевтика, биотехнология, IT-технологиялар және мұнай химиясы сияқты 4 салада өңдеп жасаудың 5-6-шы деңгейіндегі жаңа өнеркәсіптік индустрияларды құру іске асырылады.

Төртіншіден, мемлекеттік жастар саясатының заңнамалық базасы қалыптастырылып, үнемі жетілдіріліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар аясында 2021 жылғы желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жастар саясатын жетілдіруге бағытталған жаңа заңнамалық өзгерістер топтамасы енгізілді. Құжатта жастардың еңбек жасақтары қызметінің (құрылыс, медициналық, абаттандыру, экологиялық жасақтар) біртұтас тәртібі айқындалып, алғаш рет «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «NEET санатындағы жастар» ұғымдары көзделген. Бұл жастардың нақты санаттарына қатысты қолдау шараларын іске асыруға мүмкіндік береді, - дейді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттік органдардың жастарды қолдау бойынша жұмыстарының сапасын бағалауға бағытталған «Жастардың даму индексін» енгізу көзделген.

Жастарды жұмысқа тарту және олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында нақты жобалар іске асырылып жатыр.

Атап айтқанда, 2025 жылға дейін 96 мың адамды қамтитын «Жастар практикасы», 23,5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобаларын іске асыру және 40 мың адамға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде гранттар беру арқылы жастарды жұмыспен қамту үлесін арттыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ «Жасыл ел» жобасы арқылы 2025 жылға дейін жыл сайын 30 мың адам елді мекендерді абаттандыру бойынша маусымдық жұмысқа тартылады. Бұдан басқа, колледждер жанынан 100 шағын кәсіпорын ашылып, жоғары оқу орындары жанынан 103 мансап орталығы жұмысын бастайды, мектептерде «педагог-кәсіптік бағдар беруші» мамандығы енгізіледі. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің бөлінісінде орта мерзімді кезеңге (5 жылға) арналған кадрларға қажеттілік бойынша болжам әзірленіп, ол мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде пайдаланылады, - дейді Үкімет басшысы.

Экономиканың алдағы 5 жылда кадрларға қажеттілігі 1 млн 38 мың адамды құрап отыр, негізгі сұраныс білім беру саласында, өңдеу өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығы секторында байқалып отыр. Ал кәсіптер бөлісінде мұғалімдер, фермерлер, дәнекерлеушілер, металл конструкцияларын дайындаушылар және т.б. жоғары сұранысқа ие. 

Маңызды бағыттардың бірі – жастарды экономикаға қажетті мамандықтарға баулу. Осы мақсатта «Жаңа кәсіптер атласы» жасалып, Павлодар облысында тәжірибеге енгізілді. Бұл тәжірибе барлық өңірлерде таратылып, оның негізінде кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталары әзірленеді.

Мұның барлығы жастарға болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жәрдемдесіп, сол арқылы өмірден өздерінің лайықты орнын алуына ықпал етеді.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости