00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қызметкерлері саны 50%-ға қысқарып, шетелдегі өкілдіктері жабылады

24.02.2023 | 22:26
Елорда ақпарат
92

Мәліметке сәйкес, төмендегідей шешімдер қабылдады:

1. Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. Оған сәйкес, Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін; ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды; «кеңесші» қызметтері жойылды. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды. Қордың жаңа ұйымдық құрылымы ресми веб-сайтта жарияланған.

2. Бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған Тікелей сатып алудың жаңа тәртібі мен Қадағалау, маркетинг, және импорттың орнын басу ережелері алдын-ала бекітіліп, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, және «Атамекен» ҰКП-ге қарастыруға жіберілді. Бір көзден сатып алуға негіз болатын факторлар қысқартылды. Аталған құжаттарды Директорлар Кеңесі қабылдаған соң Қордың корпоративтік орталығы сатып алу әдістемесін дайындау, сатып алуларды қадағалау және бақылау функцияларын атқарады.

3. Портфельдік компанияларға «Самұрық-Қазына» Қорын реформалау бойынша ҚР Президенті тапсырмаларын орындауды қадағалау жөніндегі құжат жіберілді; жауапты қызметкерлер, іске асыру мерзімдері мен қадағалау индикаторлары анықталды.

4. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 ж. 24-ші қаңтарындағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры А. К. Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастарын тоқтату келісілді.

Басқарма ҚР Үкіметіне жолданатын Қорды реформалау бағдарламасын дайындау мерземдерін бекітті.
 

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости