00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде өнеркәсіптік грант енгізіледі

24.02.2023 | 20:14
Елорда ақпарат
58

Отырыста «Өнеркәсіптік саясат туралы» және оған ілеспе заң жобасы туралы баяндама жасаған министрі өндіріс процесіне қатысты тың жаңалықтармен бөлісті.

«Бірінші, ынталандырудың жаңа құралы - өнеркәсіптік грант енгізілуде. Ол бірге қаржыландыру негізінде өндірісті технологиялық жаңғыртуға беріледі. Екінші, мемлекеттік ынталандырудың барлық іс-шарасы орта және жоғары бөліністегі өнім өндірушілерге беріледі. Әдістеме негізінде өнімнің тиісті тізбесі бекітіледі. Осылайша, қайта өңдеуді тереңдетуге назар аударылады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, үшінші, көрсетілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Олар бизнестің алып отырған іс-шараларының түрі мен көлемін ескере отырып айқындалады. Кәсіпорын міндеттемелерді орындамаған жағдайда оларды орындау деңгейіне қарай бюджет қаражатын қайтаруы тиіс.

Төртінші, бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім енгізіледі. Ол ынталандыру іс-шараларының аралас пакетін алуға мүмкіндік береді. Бесінші, Өнеркәсіпті дамыту қорының 3 пайыздық жеңілдетілген қаржы беру функциясы көзделген. Ал нарықта инвестициялық жобаларды несиелеу мөлшерлемесі 6 пайыз және одан жоғары.

«Алтыншы – цифрлық трансформациялау. Біз Германияның Фраунхофер институтымен бірлесіп, жүйеқұраушы кәсіпорындарға талдау жасадық. Олардың әрқайсысы цифрлық трансформацияның қай кезеңінде екенін бағаладық. Кәсіпорындарға цифрлық трансформация жүргізу үшін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және шетелдік мамандарды тарту, басқарудың жаңа әдістерін енгізу тетіктері көзделген. Жетінші, жылдан жылға ұсынылатын мемлекеттік ынталандыру іс-шараларының тізбесі кеңеюде. Бұл өз кезегінде бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді. Сондықтан барлық ынталандыру іс-шаралары «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырылады. Біздің министрлік ынталандыру іс-шаралары бойынша үйлестіруші мемлекеттік орган болады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости