00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Созақта фосфорит кенін өңдейтін зауыт салынады

24.02.2023 | 19:43
Елорда ақпарат
127

Өз шикізат базасын пайдалана отырып, қазіргі заманғы жоғары сапалы химиялық өнімдерді өндіруді қолға алу ісі түстіктегі Түркістан облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспары ааясында қолға алынып отыр. Жалпы құны 129,9 миллиард теңгені құрайтын зауыт пайдалануға берілгенде 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мұнан бөлек, кәсіпорынның құрылыс жұмыстарына да 1 мыңнан астам адам жұмысқа тартылмақ. "Созақ Фосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өтініш беруші болып табылатын зауыттың жобалық сметалық құжаттарын Қытай Халықтық Республикасының "ТСС" мекемесі әзірлеу үстінде. Ал негізгі құрылыс жұмыстары осы жылдың екінші жартысына жоспарланған.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген Жол картасына енгізілген. Сонымен қатар, зауыт құрылысына қажетті инфрақұрылымдарды магистрал желісінен тарту бойынша, атап айтқанда, газ құбырына, су құбырына, электр желісіне және темір жол құрылысына құжаттамалар дайындалған. Аталған инфрақұрылым нысандарын "Жол картасы-2025" бағдарламасы аясында, мемлекеттік комиссия арқылы және басқа да бағдарламалар арқылы республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарлануда.

Жобаның қазіргі жағдайы мынадай. Болашақта фосфорит кенін өңдейтін зауыт жобасы 2020-2024 жылдарға арналған Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілу үстінде. 2024 жылы жалпы құны 129,9 милиард теңгеге жоғары технологиялар арқылы фосфор, минералды тыңайтқыштар және басқа да химиялық өнімдерді өндіретін зауытты іске қосып, 1000 адам жұмыспен қамтылу жоспарланған. Қазіргі таңда жобаны орналастыру үшін 300 гектар жер үлесіне 10 жылға жалға алу құқығы берілді. Сонымен бірге, Үшбас, Үшбас-2, Бабаата кен орындарында жалпы көлемі 7 000 гектар аумақта барлау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 260 миллион тоннна фосфорит рудасының қоры бекітілген. Бүгінге дейін барлау жұмыстарына 400 миллион теңге қаражат жұмсалынды.

Зауыт іске қосылғанда, алғашқы бірінші кезеңде жылына 500 мың тонна форфорит кенін өндіру жоспарланса, екінші кезеңде 2 миллион тонна аталған өнім түрі өндіріледі деп күтілуде. Дайын болған өнімдердің 70 пайызы ішкі нарыққа жіберілсе, 30 пайызын    Қытай, Ресей мен Түркия және Еуропа елдеріне экспорттау жоспарланып отыр.

Қаратау фосфорит алабы – Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фосфорит кендері шоғырланған өңір. Тараз қаласының солтүстік-батысында 100 шақырымнан басталатын Қаратау фосфорит алабының ұзындығы 100-120 шақырымды, ені 25-30 шақырымды құрайды. Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің көптеген химиялық өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералды тыңайтқыштар, элементтік фосфор, т.б. халық шаруашылығынана қажет заттар өндіріледі

Жалпы, осы жылы Қазақстанда фосфорлы тыңайтқыш өндірісі 4,6% өскен. Тарқатып айтсақ, 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 255,2 мың тонна азот пен 118 мың тонна фосфорлы тыңайтқыштар өндірілген. Бұл ретте фосфат тыңайтқыштарын өндіру 4,6%-ға өсті, ал азот тыңайтқыштарын өндіру, керісінше, 0,3%-ға төмендеген.

Бірінші жартыжылдықтың соңында фосфат тыңайтқыштарының отандық өндірушілері сұранысты 99,5% қамтамасыз етіпті. Импорт 91,3 есе өсіп, бұл 502,2 тоннаны құрады дейді сала мамандары. Ал ішкі нарықта 99,8 мың тонна фосфорлы тыңайтқыштар сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға көп екен.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости