00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

2022 жылғы бірінші тоқсанда инфляция шарықтауы мүмкін – Ұлттық банк

24.02.2023 | 19:34
Елорда ақпарат
59

«Баға өсімінің ағымдағы серпінін ескере отырып, Ұлттық Банк инфляцияның 2021 жылдың қорытындылары бойынша 8,5-8,7% шегінде қалыптасатынын күтуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін одан әрі тиімді іске асырған кезде инфляция болжамды диапазонның төменгі шегіне жақын қалыптасады», – деп жазылған Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме туралы түсіндірмесінде.

Банк өкілдері азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтердің қысқа мерзімді инфляциясы жыл соңына дейін сақталатынын болжап отыр.

«Ақылы қызметтер құнының қалыпты өсуі болжанады. Ол тұрғын үй-коммуналдық қызметтер нарығындағы қазіргі бағаның сақталуына негізделетді. Сыртқы инфляциялық ортаның сақталуы, азық-түлікке жатпайтын нарықтардағы инфляциялық процестердің қарқын алуы, тұтыну белсенділігінің қалпына келуі, жоғары инфляциялық күтулер және тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының өсуі арқылы жанар-жағар май бағасы өсуінің жанама әсері бағаларға қатты қысым көрсетеді. Көмір бағасының ықтимал өсімі аясында электр энергиясы тарифтерінің бұдан былайғы өсу тәуекелі бар. 2022 жылғы бірінші тоқсанда инфляцияның ең жоғары шегі күтіледі. Содан кейін оның біртіндеп бәсеңдейтіні байқалады», – деп жазылған Ұлттық банк ақпаратында.

Дегенмен қаржы реттеушісі инфляцияға қарсы ден қою шаралары өз жемісін беріп, 2022 жылы инфляцияның деңгейі 6,0-6,5%-ға дейін біртіндеп баяулайтынын болжап отыр.

«Инфляцияның төмендеуін 2021 жылы қалыптасқан жоғары база ұстап тұрады. Сонымен бірге, тауарлар мен қызметтердің жекелеген нарықтарындағы теңгерімсіздікке, жаһандық және жергілікті жеткізілім тізбегінің топтап қалуына және жоғары инфляциялық күтулердің сақталуына байланысты проинфляциялық тәуекелдерді іске асыру 2022 жылғы инфляцияның болжамды мәнінен жоғары қалыптасуына алып келуі мүмкін. Ұлттық Банк келесі шешімін инфляциялық күтулердің серпінін, инфляцияның орнықты құрамдас бөліктерін, сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалдың сыртқы және ішкі сұранысқа әсерін ескере отырып қабылдайды. Күтулердің, инфляцияның және оның орнықты құрамдас бөліктерінің тұрақсыз баяулауы кезінде Ұлттық Банк монетарлық талаптарды барынша күшейтуді жалғастырады», – делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости