00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанға көміртегі салығы енгізілуі мүмкін

24.02.2023 | 17:13
Елорда ақпарат
78

«Еуропалық Одақ 2023 жылдан бастап көміртекті қажетсінетін өнімдер импортына салынатын шекаралық көміртек салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл халықаралық сауда ережелерін түбегейлі өзгертетін болады. Париж келісімі аясында Қазақстан өзіне 2030 жылға қарай шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға, ал халықаралық қолдау көрсетілетін жағдайда 25 пайызға қысқарту міндеттемесін алды»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Алайда, министр бүгінгі таңда шығарындылар 1990 жылғы деңгейден әлдеқашан асып кеткенін айтады.

«Айтарлықтай іс-шаралар қабылданбаса, болжам бойынша жалпы шығарындылардың ұлғаюы жалғасып, 2060 жылы 473 миллион тоннадан асатын болады», - деді ол.

Осы ретте Серікқали Брешекев Қазақстан Республикасының Париж келісімінің температуралық талабын сақтау, сондай-ақ Мемлекет басшысының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мәлімдемесін іске асыруға үлес қосу үшін 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қатысты доктринасының жобасы әзірленгенін атап өтті.

«Доктринаны әзірлеу кезінде нақты экономиканы модельдеу үшін ең озық TIMES, CGE және System Dynamics үлгілері қолданылды. Бұл барынша аз инвестициялық шығындар жұмсау және барынша көп экономикалық пайда алу тұрғысынан алғанда Қазақстан экономикасын көмірсіздендірудің ең оңтайлы жолын анықтауға мүмкіндік берді», - деді министр.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости