00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Осы аптадағы жәрмеңкеге Павлодар облысының өнімдері келеді

24.02.2023 | 15:43
Елорда ақпарат
94

Нақты айтқанда, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының және бірқатар ауылдық жерлерінің тауар өндірушілері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысады.

Бұл жолы павлодар облысынан елордаға 200 миллион теңгеден астам сомаға 520 тонна өнім, оның ішінде ет, ет-сүт, бакалея өнімдері, картоп, көкөніс жеткізіледі. Өңірлік кәсіпорындар Нұр-Сұлтан тұрғындарына өндірушілер бағасы бойынша азық-түліктің кеңейтілген ассортиментін ұсынбақ.

Картоп, қырыққабат, сәбізді «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Тимур», «Андас», «Маяк», «Заря» шаруа қожалықтары, ал ет пен ет өнімдерін «Галицкое» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Табыс» ШҚ, «Луганск» ӨК, «Ақжар-Өндіріс» ЖШС әкелетін болды.

Сондай-ақ брендтері республика және одан тыс жерлерде танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сүт» АҚ, «МолКом Павлодар» ЖШС, «Крендель» ЖШС кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынады.

Еске сала кетсек, биыл бас қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Жәрмеңке басталған 21 тамыздан бері елордаға Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері келіп кетті. Қалғандары өз өнімдерін 31 қазанға дейін ұсына алады.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости