00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Қарыз ұлғайған сайын әлеуметтік шиеленіс өрши түседі» - Мақсат Халық

24.02.2023 | 14:57
Елорда ақпарат
82

Ұлттық Банктің биылғы шілдедегі мәліметіне сүйенсек, ел тұрғындарының банк алдындағы қарызы 7 906 772 миллион теңгені құрайды (яғни жеті триллион тоғыз жүз алты миллиард жеті жүз жетпіс екі миллион теңге). Бірінші несие бюросының 2020 жылғы ақпаратына сәйкес, экономикалық белсенді тұрғындар – 9,23 млн, қарыз алушылар – 7,46 млн, несиесі жоқ экономикалық белсенді тұрғындар – 1,77 млн.

Осы ретте отандық сарапшылар қауымы жаппай қарызға батудың салдары көптеген келеңсіздікке әкеледі деп дабыл қағуда. Атап айтқанда, әлеуметтік шиеленістер мен халық табысының ортаюына, төлем қабілетінің нашарлауына және өмір сүру сапасының бұзылуына әкеп соғады.

Белгілі экономист, GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры – Мақсат Халықтың айтуынша, қарызға батушылар санының ұлғаюы жақсы үрдіс емес.

«Себебі бұл айлық жалақының төмен екендігін көрсетеді. Неғұрлым қарыз ұлғайған сайын, соғұрлым азаматтардың әлеуметтік жағдайы қиындайды. Бұл қандай да бір мәселелердің бар екендігін айғақтап отыр. Алдағы уақытта олардың табысын ұлғайту күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болуы керек», – дейді сарапшы.

Айтуынша, мұндай мәселе әсіресе дамушы мемлекеттерде кездесетін құбылыс, ал дамыған мемлекеттерде мұндай жағдай сирек. Себебі пайыздық мөлшері төмен болып, халықтың несиелік құралдарды пайдалануы кеңінен тарала береді. Мұндай жағдай азаматтарға ауыртпалық түсірмейді. Сондықтан да ондай мүмкіндіктер бар кезде оның әлеуметтік салдары қиын болмайды. Бұл ретте сарапшы шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтып отыр.

«Ұлттық Банктің 2025 жылға дейінгі инфляциялық таргеттеу деген саясаты, оның 3-4 пайыздың деңгейіне жеткіземіз деген мақсаты бар. Егер сол мақсат жүзеге асса, пайыздар түсетін болады. Неге десеңіз, инфляциялық түсім мен Ұлттық банктің қоятын бағалық пайызының мөлшерлемесі де түседі. Сонымен қатар, шетелде жеке тұлғаның банкроттығы деген заң бар. Компаниялардың банкроттығы сияқты, адамдарды да банкрот деп таниды. Бізге де сондай жүйе керек. Өйткені өмір болғасын бәрі болады. Қаржылық қиындыққа батқан адамды одан сайын қарызға батырып, психологиялық қиын жағдайда қалдырмау керек. Осы ретте жеке тұлғаның банкроттыққа ұшырау заңын да бекіту қажет деп ойлаймын», – деп атап өтті Мақсат Халық.

Ал экономист-сарапшы Расул Рысмамбетовтің айтуынша, тұтынушылық несиелер кедейлікшілікті шоғырландырып, отбасылық дағдарыстың туындауына ықпал етеді.

«Халық кедей болған сайын несие саны да көп болады. Мәселе көп кредит берілгендікте емес, бізде төмен жалақы және қымбат бағалар бар. Сол себепті, тұрғындар несиені қарапайым нәрсе үшін алады. Мәселен, мектеп формасын бөліп төлеуге, тұрмыстық заттарға дегендей. Бұл мәселе банктің ықпалынан емес, адамға қаражат жетіспегендіктен туындайды», – дейді ол.

Сарапшының пікірінше, жоғарыда аталған жағдай мынадай тәуекелдерге әкеледі: егер тұрғындар қарыздарын өтей алмаса, банктер несие беруін азайтады. Содан кейін олар көлеңкелі құрылымдардан несие ала бастайды. Яғни, адамдар қолжетімді қаражатқа барады. Бұл дегеніміз – несиенің көлеңкелі жолының ұлғаюына себеп.

Ал несие пайызының жылдан жылға өсіп, азаматтарға ауыртпалық түсіріп отырғандығы елдегі инфляцияға, шетел тауарларына мұқтаж болып отырғандығымыздан екені сөзсіз.

Мақсат Халықтың сөзінше, несие пайызы мөлшерінің өсуіне әсер ететін бірінші фактор – инфляция, теңгенің құнсыздануы, сондай-ақ бір кездері қайтарылмай қалған несиелер мен қаржылық алаяқтық. Банктер мен компаниялар бір-біріне қарыз беретін кезде олар осы тәуекелдің барлығын қарастырып, пайыздық мөлшерлемесін қосады.

Ал Расул Рысмамбетов болса, несие пайызының өсуі депозит санының көптігіне байланысты дейді.

«Пайыздық мөлшерлеме бірінші кезекте базалық деңгейге, депозиттің үлкендігіне байлынысты. Банктер жалдамалы ақшаны пайдаланады. Ол дегеніміз – депозит салушылардың ақшасы. Несие пайызын төмендету үшін депозит пайызын төмендету керек. Ал оған адамдар дайын ба, бұл әрине үлкен мәселе. Шетелде несие пайызы төмен ғана емес, сонымен бірге депозит пайызы мен инфляция төмен», – дейді экономист.

Қорыта айтқанда, еліміздегі экономист-сарапшылар еңбекақыны жоғарылатып, жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігін, импортқа тәуелді болмай, отандық тауарларды көбірек шығару керектігін айтып отыр. Олай етпеген жағдайда қарызға батушы адамдар көбейе береді.

Назерке Еркінқызы

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости