00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының форумы басталды

24.02.2023 | 14:47
Елорда ақпарат
69

Форум жұмыс істеген жылдар ішінде өзін индустриядағы басты салалық оқиға ретінде көрсетті әрі кооперациялық байланыстарды дамыту үшін бірегей платформа болып табылады.

Форум шеңберінде машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы туралы панельдік пікірталастар, машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау, машина жасаудың басым кіші салалары бойынша секциялық отырыстар, Халықаралық мұнай-газ операторларымен, қатты пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев өзінің кіріспе сөзінде индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында машина жасау саласы ең жоғары 4 есе өсімді көрсеткенін атап өтті. Индустрияландыру картасы және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде 470 млрд теңгеге жуық сомаға 150-ден астам жоба іске қосылды. 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Бүгінгі таңда салада 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 120 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр.

"Машина жасау салалары арасында ең жоғары өсу динамикасын автомобиль жасау саласы көрсетіп отыр. Индустрияландыру жылдарында алғаш рет қазақстандық автоөнеркәсіптің өнімдері экспорттық нарықтарға шықты, ал ел ішінде сатылған әрбір екінші жаңа жеңіл автокөлік отандық өндіріс. Бүгінгі таңда Қазақстанда көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін белгілі бір компоненттер өндірісі жолға қойылған", - деді вице-министр Марат Қарабаев.

Машина жасау саласындағы өсу серпінін сақтау және пандемияға байланысты қалыптасқан тұрақсыз жағдайында кәсіпорындардың құзыреттерін өсіру оңай емес болды. Оған қарамастан, инвестицияларды, кәсіпорындарды іске қосу серпінін және технологиялық жаңартуды ескере отырып, жақын уақытта белсенді өсу, даму, импорттық өнімді алмастыру, сондай-ақ экспорт көлемінің ұлғаюы кезеңі күтілуде. Мысалы, биыл құны 79,6 млрд теңге болатын 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 14 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости