Жыл басынан бері зейнетақы қорына 81,8 млрд теңге түсті
Жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 1 трлн теңгеге ұлғайды, деп хабарлады Elorda.info.
Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин қаңтар-сәуір аралығында қорға 81,8 млрд теңге зейнетақы төлемдері түскеніне тоқталды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 7,2%-ға немесе 1 трлн теңгеге ұлғайып, сәуір айының соңында 15,7 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 482 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 664 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 81,8 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы шамамен 47 млрд теңге болды, - деп алғашқы тоқсанның есебін ұсынды Виталий Тутушкин.
Оның айтуынша, аталған аралықта Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 0,5%-ға өсіп, 58,7 млрд долларға жеткен.