00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті

03.07.2024 | 11:34
Торғын Аман
186
Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті
фото: ашық дереккөзден

Авиациялық комитет рейстердің мәртебесі туралы жолаушыларға өзекті мәлімет беру үшін әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктелуіне байланысты 2024 жылғы 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеретінін ескертті. Соған байланысты отандық авиакомпаниялар мен әуежайларға жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және кешіктірілген немесе тоқтатылған рейстер туралы ақпаратты уақтылы беруді тапсырды.

Бұдан басқа, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға көмек көрсету мақсатында 2024 жылғы 2-4 шілде аралығында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейтін болады.

Рейстің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін жолаушылар келесі номерлер арқылы хабарласа алады:

- «Air Astana» + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;

- «FlyArystan» +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);

- «SCAT» +7 7252 99 88 80; - «Qazaq Air» + 7 727 356 14 14; 

- «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ +7 7172 798213.

Все новости