00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді

01.07.2024 | 10:45
Торғын Аман
170
Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді
фото: ШҚО әкімдігінен

Бүгін Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында болған селден  қаза тапқандардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды.

«Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты», - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге саламыз, Қырғызстанда қатты жауын-шашынның салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел болған. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барғаны анықталды.

Все новости