00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды

05.07.2024 | 10:25
Торғын Аман
200
Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді
фото: ortcom.kz

1️-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар.

«Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады», - делінген хабарламада.

 Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Все новости