00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті

04.07.2024 | 10:43
Торғын Аман
204
 Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті
фото: azh.kz

Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шаққан, оның екеуі мектеп оқушылары. Бұған қоса қарақұрт шаққан 397 ойсылқара тұқымының 63-і өлген, деп хабарлады Elorda.info «АқЖайық» сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысының Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарында қарақұрт қаптауына байланысты ветеринариялық емдеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ресми өкілі Ақтілек Нұроллаеваның айтуынша, қазір зиянкес Индер ауданының Өрлік, Көктоғай, Есбол және Елтай ауылдарын қаптады. 217 бас түйеге симптоматикалық ем жасалды. Қалғанына ем-дом әлі жалғасып жатыр. Ауырған және аурудан өлген жануарлардың қанынан сынама алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды.

«Алғашқы жағдай 29 мамырда тіркелді. Барлығы тоғыз адамды шаққан, оның жетеуі - ересек адам және екеуі 7 және 15 жастағы мектеп оқушысы. Қазірдің өзінде сегіз ауыл тұрғыны стационарлық ем алса, бір адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Ал біреуі ауруханаға барудан бас тартты. Ауруханаларда қарақұрт уына қарсы дәрі жеткілікті», - деді Ақтілек Нұроллаева.

Ауыл шауашылығы басқармасы емдік шаралардың ақысы мен өлген малға өтемақы төлеу қарастырылмағанын нақтылады.

Все новости