00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалардың шығындары өтеледі

19.09.2023 | 11:00
89
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан Жамбыл облысының аграрларына келтірілген шығынды өтеуге резервтен 3,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлады Elorda.info

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Биыл Жамбыл облысының көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері су тапшылығы салдарынан шығынға батты. Өңір әкімдігінің хабарлауынша, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарындағы 400 АӨК субъектісінің 9 мың га алқаптағы егісі қуаңшылықтан зардап шеккен. Бұл жағдайға байланысты Премьер-Министрдің өкімімен облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат шаруаларға шығынның орнын толтырып, келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына толық дайындалуға мүмкіндік береді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Все новости