00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Су тасқыны: Атырау облысында 130 адам эвакуацияланды

05.04.2024 | 16:23
Елорда ақпарат
205
Су тасқыны: Атырау облысында 130 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Бүгін Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқыны болуы мүмкін аймақта тұратын халықты хабардар ету үшін дабыл сиренасы қосылды, деп хабарлады Elorda.info.

Автобус тұрғындарды 10 эвакуациялық пунктке эвакуациялауда. Қазіргі уақытта 130 адам эвакуацияланды, оның ішінде 84-і – бала.

Жағалауды нығайту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Жұмыстарға ЖАО, полиция, әскери бөлімнің, ТЖД 323 қызметкері, 142 техникасы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар арасынан 4540 адам жұмылдырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Құлсары қаласының станциясынан Атырау қаласына 5 вагоннан тұратын жолаушылар пойызы халықты тегін тасымалдауда.

Все новости