00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Су ең құнды ресурс — Әлихан Смайылов

23.01.2024 | 07:30
131
фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, өткен жылдың қорытындысына сәйкес шығарындылар бойынша нормативтердің 3,3%-ға – 4,2 млн тоннадан 4,06 млн тоннаға дейін, төгінділер бойынша 8%-ға – 2,5 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға дейін төмендеуіне қол жеткізілді.

Премьер-Министр атмосфераны ластаушы заттардың басым бөлігі өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі екенін атап өтті. Атап айтқанда жылу энергетикасы мен мұнай-газ секторларының кәсіпорындары, тау-кен өндіру және өңдеу салалары, қара және түсті металлургия кәсіпорындары үлес қосып отыр.

«Кәсіпорындардағы ластағыш заттарды үнемі бақылап тұру үшін автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілуде. Бұл кәсіпорындардың шығарындыларын нақты уақыт режимінде қадағалап тұруға және белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда жедел әрекет етуге ықпал етеді», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, әлі шешілмеген өзекті мәселелер бар. Мысалы, атмосфераның ғана емес, су ресурстарының да ластану фактілері орын алып отыр

«Кейбір кәсіпорындар өзендер мен көлдерге қалдықтарды рұқсатсыз төгіп жатыр. Компаниялардың осындай заңсыз әрекеттеріне халықтан түсетін шағым көп. Су ең құнды ресурс, біз оны қорғауға міндеттіміз», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Все новости