00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Шетелдік туристер Қазақстанда көп уақыттарын қай жерлерде өткізеді

06.04.2023 | 17:02
60
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист барған. Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін болған, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді.

Өткен жылы Алматыға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген.

Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді. Елордада олар орта есеппен 2-3 күн болды.

Ал шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы 4 күнді құрайды.

Сапардың ұзақтығы өңірдің туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандарды даярлау және оқыту, туристік инфрақұрылым салу, жаңа тікелей авиарейстер ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен. Сол себепті елімізге келетін шетелдік туристердің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз, – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Все новости