Сенатта су ресурстары мәселелесі талқыланды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/parlam_e03ce7d9d9.jpg)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлады Elorda.info
Сенаттың баспасөз қызметінің жазуынша отырыста Алматы және Жетісу облыстарындағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланған.
Комитет төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде су мәселесі Орталық Азия елдері арасында осы сала бойынша жаңа сипаттағы қарым-қатынастар қалыптастыруды талап ететінін атап өтті. Сондықтан, сенатордың пікірінше, өзекті мәселелерді шешуде қазақстандық дипломатияның мүмкіндіктері мен әлеуетін пайдалану аса маңызды.
Комитет су үнемдеу технологиясын енгізуге, суару желілері мен сумен жабдықтаудағы ирригациялық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар өткізді, сондай-ақ Үкіметке ұсынымдар мен депутаттық сауалдар жіберді. Салалық дербес мемлекеттік органның құрылуы осы күрделі мәселені тиімді шешуге ықпал ететін болады деп санаймыз, - деп атап өтті сенатор.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов өз кезегінде депутаттарға су шаруашылығы кешені жұмысының басым бағыттары, сондай-ақ су ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану жөнінде жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
Кездесуге сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Алматы және Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ «Қазсушар» кәсіпорны филиалдарының өкілдері мен мамандары қатысты.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)