«Самұрық-Қазына» қоры 7 жылда қайырымдылыққа 74 млрд теңге жұмсаған
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/forum_62e0d4be7d.jpg)
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ІІ Корпоративтік қайырымдылық форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Форумда қайырымдылық операторының 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берілді. Оған 300-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдері, өңірлерде көмек алған балалар мен ересектер, мемлекеттік орган, қоғам белсенділері, квазигоссектор, бизнес, БАҚ өкілдері, «Самұрық-Қазына» қоры тобының компания басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Форумда ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
-Құрметті форум қатысушылары! Сіздерді корпоративтік қайырымдылық форумның ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі. Басты мақсат осы саладағы мемлекеттік қолдаудың барлық азаматқа қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта парламент тарапынан да жүйелі жұмыстар атқарылып, былтыр жаңа әлеуметтік кодекс қабылданғанын жақсы білесіздер. Аталған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі арта түскені байқалады. Бұл ретте бүгінгідей шаралардың да маңызы зор, берері мол, - деп жазылған Сенат төрағасының құттықтау хатында.
Сондай-ақ Нұртөре Жүсіп Мәулен Әшімбаевтың форумның өтуіне мұрындық болған қорға ризашылығын білдіргенін айтты.
Ал «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2016 жылдан бері жалпы сомасы 74 млрд теңгеге 2,5 миллионнан астам қазақстандыққа жәрдем жасалған.
Мұндай ауқымды жобаларды біз тек серіктес тараптармен бірге іске асыра алдық. Барша жиналған жұртқа бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын, - деді Басқарма төрағасы.
Шара барысында Нұрлан Жақыпов Ақмола және Түркістан өңірлерінің басшылығына 5 жедел жәрдем көлігінің сертификатын табыстап, онлайн байланыс арқылы Батыс Қазақстан медициналық университеті аумағындағы оңалту бөлімінің тұсауын кесті. Орталықта 3000-ға жуық онкологиялық сырқаты бар жандарға көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, есеп беру кездесуінің алдында панельдік сессиялар өтіп, оларға қатысушылар қайырымдылық саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік жобаларды дамыту, табысты кейстер мен қаржылай қолдау шараларын талқылады. «Samruk-Kazyna Trust» қорымен серіктестікте жүзеге асқан табысты жобалар тәжірибесі сарапқа салынып, негізгі шарадан бұрын қонақтар назарына компаниялар тобы атынан қаржыландырылған әлеуметтік жобалар көрмесі ұсынылды.
Ал қордың бірыңғай қайырымдылық операторы 2024 жылы қайырымдылық жобаларының басым бөлігін ауылдық жерлерде инклюзиялық спорт орталықтары мен барлық санаттағы адамдар мен балалар үшін халықаралық стандарттар бойынша бірегей тәсілмен инклюзивті спорт алаңдарын ашуды қаржыландыратын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша креативті индустрия саласындағы жобаларды іске асыру да жоспарланып отыр.
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)