00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі

27.06.2024 | 08:32
Торғын Аман
241
1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі
фото: ашық дереккөзден

Елімізде импорттық дәрілерді таңбалаумен дәріхана қоймалары айналысатын болады. Бұл туралы Elorda.info «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін фармацевтикалық нарыққа қатысушылар импортталған дәрілік заттарды таңбалауды жүргізуге кеден қоймаларының дайын еместігін айтқан болатын. Олардың тарапынан дәрі-дәрмектердің халыққа қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін деген болжам жасалынды.

Ұлттық палата мен мемлекеттік органдардың алаңдарында өткен талқылаулардың оң нәтижесінде Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы №22 бұйрығы бекітілді. Бұйрыққа сәйкес, бизнеске импортталған дәрі-дәрмектерді ел аумағына әкелгеннен кейін дистрибьюторлық қоймаларда таңбалауды жүзеге асыруға мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда кеден қоймаларына тиісті дистрибьюторлық практика стандарттарына сәйкес келудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ, бұйрықта тауарларды өндірістен тыс қайта агрегациялауға мүмкіндік беретін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне жаңа қосымша талаптар көзделді.

 

Все новости