00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр

26.06.2024 | 18:16
Олжас Сүлейменов
308
Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр
Фото: дереккөз

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде 871 ұйым мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіп отыр. 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру енгізілуде, бұл осы салаға жеке бизнесті тартуға ықпал етеді. Бұл шара арнаулы қызмет көрсететін ұйымдардың желісін кеңейтуге және оларды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазір министрлік сараптама жүргізіп, республика шеңберінде мүгедектігі бар азаматтардың тұрғылықты мекені туралы ақпаратты жинап, цифрлық карта жасамақ. Сондай-ақ оңалту орталықтары жоқ өңірлерде осындай мекемелерді ашуды ойластырып жатыр. 

«Жан басына шаққандағы төлемдерге алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап көшеміз бе деп отырмыз. Сондықтан әр азаматқа сол қызметті үйдің қасынан көрсетуге тырысамыз. Ол үшін біз әлеуемттік қызметкерлердің арасында оқыту және біліктілігін көтеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бейнесабақтар мен лекцияларды даярлап, «Skills.enbek-ке» 1 тамыздан бастап шығарамыз ба деп отырмыз. Қызмет көрсетіп отырған азаматтардың арасында белсенділер болса, сол азаматтарды оқыту жұмысына тартып, тәжірибе алмасу алаңын әзірлейміз», – деді министр. 

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту шараларын қолға алу жоспарда бар.

Все новости