00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Биыл Астанаға қажет су қоймасы тек 82%-ға толған

13.07.2023 | 19:00
101
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Осыған орай ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана су қоймасына құятын ағынды суды арттыру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Елорданы ауыз сумен қамтамасыз етудің жалғыз көзі болып табылатын Астана су қоймасының толығуы жыл сайынғы еріген тасқын суларға тікелей байланысты. Ағымдағы жылы су қоймасы тек 82%-ға толды.

Ал суы ортайған Астана қоймасын үздіксіз пайдаланған жағдайда елорда үшін ауыз су тапшылығының туындау қаупі бар. Су қоймасының алдағы бір-екі жылда сарқылып бітетіні жөнінде президент сейсенбіде өткен Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте арнайы тоқталып кетті. Осыған байланысты Сәтбаев каналынан судың тұрақты келіп тұруын қамтамасыз етуді құзырлы орындарға тапсырған болатын.   

Қазіргі уақытта Сәтбаев атындағы каналдан Есіл өзенінің басына Есіл ағынын жіберу мәселесі пысықталуда. 

Все новости