00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Павлодарда бұрын адам өлтіріп сотталған азамат балабақшада жұмыс істеген

15.04.2024 | 17:01
169
прокуратура
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру фактілері анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.

Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.

Все новости