Сенаторлар орманшылар жалақысының тым төмендігін айтты
![](/img/watch-gray.png)
![Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды](/img/articles/b14f786d650828c393588cf5c4a6808b.jpg)
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемеақы төлеу мәселелерін талқылады.
Сенат депутаты Ольга Булавкина орман шаруашылығы қызметкерлеріне төленетін еңбекақы республика бойынша ең төмен екенін атап өтті. Қостанай облысындағы орман өрті мен Абай облысындағы қайғылы оқиғаға ұласқан экологиялық апаттар орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмысы мен еңбекақы мөлшері сәйкес еместігін және әлеуметтік шиеленіс туу қаупін атап етті.
Орман өртінің жиілеп кетуі, орманды заңсыз кесу, браконьерлік, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыстың жиналуы, қоршаған ортаның ластануы, соның нәтижесінде сирек кездесетін өсімдік түрлері мен табиғи ресурстардың жойылуы ел экономикасына орасан зор залал келтіріп қана қоймай, әрбір тұрғынның әл-ауқатына да әсер етеді. Мәселе өртке қарсы профилактикалық жұмыстарды нашар ұйымдастыру мен орман өртіне уақтылы әрекет етпеуден туындайды. Материалдық-техникалық базаның аздығы, орман саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайының талапқа сай болмауы, осы сала қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік қолдау деңгейінің төмендігі, сондай-ақ кадрлардың жетіспеушілігі теріс әсер етеді, - деді Ольга Булавкина.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі өз кезегінде бұл мәселені шешу мақсатында Экология министрлігі Орман шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағымен бірлесіп, бюджет қаржысы мен ақылы қызметтерді үнемдеу есебінен табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс жұмысшылары мен штатқа кіретін әкімшілік қызметшілердің жалақысын ұлғайту мүмкіндігін көздейтін келісім жасасқанын атап өтті.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)