Мүгедектігі бар балаларға арналған пилоттық жоба басталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/balalar_96cd22086f.jpeg)
Елімізде мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шағын үйлерді ашу жөніндегі пилоттық жоба басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл жоба ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында өңірлердегі жеке секторларды тарта отырып жүзеге асырылмақ.
Мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы сыйымдылығы шағын үйдің ашылуы осы жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда өтті. Мұнда күндізгі стационар жағдайында психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар арнайы әлеуметтік қызметтерді алуда.
Шағын үйлерде қызмет алушылар санының аздығына байланысты дамуында кемістігі бар балаларды абилитациялау сапалы форматта жүргізілетін болады. Азаматтар мұндай үйлерді ашу тиімді екенін айтуда.
Арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың аналары балаларының Қарағанды қаласындағы сыйымдылығы шағын үйлерде көрсетілген қызметтерден алған әсерлерімен бөлісті.
СШҮ-ге келгенімізге 3 аптадай болды. Көрсетілген қызметтердің арқасында баламның жағдайы жақсаруда. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған, олар өздерін үйдегідей сезініп жүр және қажетті көмектің барлығы қарастырылған. Осы орталықтың жоғары білікті мамандарына алғыс айтамын, – деді Мәдина Жекенова.
Биыл пилоттық жобаны іске асыру аясында еліміздің тағы 6 өңірінде: Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сыйымдылығы шағын үйлерді ашу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 711,8 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде ересектер – 607,6 мың адам (еңбекке қабілетті жастағы – 420 мың адам; зейнеткерлер – 187,5 мың адам), 18 жасқа дейінгі балалар – 104,3 мың адам.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен 109 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 52 мыңы – мүгедектігі бар адамдар, 21 мыңнан астамы балалар.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 750-ге жуық мемлекеттік субъект ұсынуда.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)