00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды

06.04.2024 | 11:06
Елорда ақпарат
172
Су тасқыны
фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлады Elorda.info облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.

Штаб мәліметінше, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр.

Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – бала. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды, - деп хабарлады облыстық штабтан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Атырау облысының Құлсары елді мекеніне авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ұлттық ұланның тікұшағымен ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары полковник Аманбаев Марғұланның басшылығымен 20982 әскери бөлімінің жиынтық-құтқару тобының 20 әскери қызметшісі барды.

 

Все новости