00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Әкімдер қалаларды, елді мекендерді жаяу аралауы тиіс – Тоқаев

19.04.2023 | 11:12
112
Фото: дереккөз

Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің қалаларымыз нашар көрінетіндігін, балалар алаңдарымен жабдықталмағанын мойындауымыз керек. Шетелде болып тұрамыз. Әсіресе, Шығыс Еуропада, Балқанда қалаларының бюджеті біршама аз болғанына қарамастан тартымды көрінетін шаһарлары бар. Бұл жұмыс муницииалды биліктің жұмысы да шығар. Дегенмен, екінші жағынан бұл сол жерде тұратын адамдардың да қарым-қатынасы. Ол бізде жоқ. Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайтындығы сынды проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне қала орталығы ғана емес шеткі аймақтары да сай болуы тиістігін бірнеше рет айттым, — деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің, мәслихат өкілдерінің назарын аталған мәселеге аударды.

Таяуда Семейдегі балалар алаңы туралы сюжет көрсетті. Оны пайдаланудың өзі қауіпті. Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл елордаға да қатысты, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Все новости