«Кезегі 120 жылдан кейін келеді»: Депутат жетім балаларға арналған баспана кезегін сынап тастады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/lee_205b529373.jpg)
Қазақстанда жетім өскен және кәмелет жасына толған 62 351 адам баспана кезегінде тұр. Олар тек 120 жылдан кейін ғана түрлі бағдарламалар бойынша баспаналы болу немесе оны сатып алу құқығына ие болады, деп хабарлады Elorda.info.
Informburo.kz сайтының жазуынша, бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтқан.
Бүгінгі таңда жетім өскен және кәмелет жасына толған 62 351 адам баспана кезегінде тұр. Тәуелсіздік алғалы бері тек 8 444 тұрғын үй берілген. Оның ішінде тек тегін баспана ғана емес, сатып алынатын баспана да бар. Яғни, мұндай жағдайда кезекте тұрғандар тек 120 жылдан кейін ғана түрлі бағдарламалар бойынша баспаналы болу немесе оны сатып алу құқығына ие болады, – деді депутат.
Ирина Смирнова Петропавлда 1,5 мың пәтердің табылғаны, Қарағандыда азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына арналған тұрғын үйлерді мемлекеттік қызметкерлерге заңсыз бөлу фактілері және басқа да мәліметтер жетім балаларға арналған баспана бар екенін көрсететінін айтты. Алайда, депутаттың айтуынша, шенеуніктер пәтерлерді қолдан шығарғысы келмей отыр.
Қазақстан халық партиясы ел азаматтарының осы санатын тұрғын үй жолдамасы, тікелей баспана, жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй және басқа да әдістер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін жедел қарастыруды ұсынады. Мемлекет өз балаларының алдындағы қарызды өтеуі керек, – деді депутат.
Сондай-ақ, ол елден заңсыз шығарылған 670 миллиард теңгенің есебінен қысқа мерзімде жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі ашылатынына сенім білдірді.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)