Қазақстанда әйелдер құқығын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе талқыланды
![Қазақстанда әйелдер құқығын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе талқыланды](/img/articles/12c9cd597ecf1408ac78d839fb1cfde9.jpg)
Астанада Сыртқы істер министрлігінде Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақтың қолдауымен Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін «Әйелдер құқығын қорғау: халықаралық және еуропалық тәсілдер» тақырыбында екі күндік семинар өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оған бірқатар министрліктер, Бас прокуратура, адам құқықтарын қорғау саласындағы ҮЕҰ және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасын дамытудың алдағы сипатын атап өтті.
Қазақстан гендерлік теңдікті толық сақтауды және әйелдер құқығын қорғауды қамтамасыз етуге аса мән береді.
2023 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимылдың жаңа жоспарын бекітті, Парламентте әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы қаралуда.
«ҚР-мен ЕО арасындағы 2019-2023 жылдарға арналған тату көршілік және ынтымақтастық жөніндегі басымдықтар» сәтті жүзеге асырылды, келісім іске қосылған сәттен бастап Қазақстан ЕО-ның Қылмыстық сот төрелігі саласындағы үш құқықтық құжатына қосылды.
Іс-шарада әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құқықтық құралдардың бірі саналатын әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы ЕО Конвенциясының маңызы атап өтілді.
ЕО және Еуропа Кеңесінің өкілдері семинар тақырыбының өзектілігіне тоқталып, бұл семинар Қазақстанның Ыстанбұл конвенциясына қосылуына ықпал етеді деген үміт білдірді.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)