Қарағандылық полицейлер зейнеткерді алаяқтардан сақтап қалды
![](/img/watch-gray.png)
![Қарағандылық полицейлер зейнеткерді алаяқтардан сақтап қалды](/img/articles/c651ccdab7a009312313a4a68375d0e9.jpg)
Қарағанды қаласының тұрғыны алаяқтарға 50 млн теңге аудармақ болған. Бұл туралы ІІМ апталық брифингінде департамент бастығы – ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөліміне банктен қоңырау түседі. Олар өз депозитінен 50 млн теңге алмақ болған əйел туралы хабарлайды.
Қаржы мекемесіне барған тəртіп сақшыларына қала тұрғыны өз шотындағы ақшаны шешіп алып, немересінің депозитіне салғысы келетінін айтқан. Ал немересі бұл туралы мүлдем білмеген.
Полицейлер зейнеткерді қаражатты шешпеуге көндірген. Алаяқтардың əйелге «бұл туралы ешкімге айтпа» деп ескерткендігі анықталды. Оларға сеніп қалған қала тұрғыны ешкімге тіс жармай, қаскөйлердің нұсқауын орындамақ болған, – деді ведомство өкілі.
Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, қазір халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ биыл полиция «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, шетелдік қылмыскерлер жасайтын телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимылдың жаңа техникалық əдісін енгізді. Енді IP жəне SIP телефонияны пайдаланатын және елден тыс жерде орналасқан алаяқтар Қазақстан азаматтарының қалалық абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыра алмайды. Арнайы жүйе олардың қоңырауларын танып, бірден бұғаттайды. Жыл басынан бері екі миллионнан астам осындай қоңырау бұғатталды. Бұл телефон алаяқтығын азайтып қана қоймай, оны толығымен тоқтатуға мүмкіндік берді.
Одан бөлек, Цифрлық даму министрлігі жəне ұялы байланыс операторларымен бірге ауыспалы нөмірлерден түсетін қоңырауларды бұғаттау шаралары қабылданды. Интеграция жүргізілген сəттен бері 45 млн қоңырауға тосқауыл қойылды.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)